Жастар Кеңгір көлінің жағасын тазалады
Жезқазғанда «Кеңгір» су қоймасы жағалауы мен «Даңқ аллеясында» экологиялық акция өтті.
«Amanat» партиясының облыстық филиалы ұйымдастырған шараға «Жасыл ел» еңбек жасағының 50 сарбазы қатысты. Партиялықтар өңірдегі ең ірі су қоймасының жағалауын тазалау жұмыстарын осыдан 1 ай бұрын қолға алған. Әр апта сайын кемінде 1 шақырым аумақты тазартады.
Бұл жолғы акция алда келе жатқан Ұлттық домбыра күніне орайластырылды. Тазалық шарасынан соң домбыраны жанына серік еткен жастар табиғат аясында ән шырқап, күй шертті.
Дарын Төлеубай, «Жасыл ел» еңбек жасағының жетекшісі:
- Мұндай акцияның мақсаты – қаламыздың экологиялық ахуалын жақсарту және қатарымыздағы балаларға еңбекке баулуды үйрету. Балаларға қаламызды жақсы көруді, таза ұстауды үйрету. Жауапкершілікке үйрету. Мұнымен тоқтап қалмайды. Жалғаса береді. Келесі айларда да көптеген акциялар өткіземіз.