Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалды
Әнші Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды.
Елорда соты өнерпазға қатысты «ұсақ бұзақылық» және «денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат келтіру» баптары бойынша істі қарап, осындай жаза тағайындады.
Сот айыпталушыны бірінші бап бойынша кінәлі деп таныды. Ал денсаулыққа жеңіл жарақат келтіру дерегіне қатысты тараптар бітімгерлікке келді.
Айта кетейік, оқиға 4 шілде күні сағат 20:00 шамасында Алматы-Астана бағытындағы ұшақта болған. Қайрат Нұртас пен оның танысы Асылбек Бекқайыров сөзге келіп, кейін жанжалдасқан. Сот екі жақтың татуласуына байланысты істі әрі қарай жүргізу тоқтатылғанын мәлімдеді.