Аягөзге жылу электр станциясын салу керек – Мәжіліс депутаты
Аягөз қаласына жаңа жылу электр станциясы керек. Өңірге барған Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновқа жергілікті тұрғындар осындай өтініш айтты, деп хабарлайды 24kz.
Депутат облысты аралап, халықпен кездесіп жүр. Өңір тұрғындары сондай-ақ жол жөндеу, кәріз жүйесін жаңарту және жалға берілетін тұрғын-үйді жекеменшікке өткізу сынды мәселелерді көтерді. Нұртай Сабильянов аудандық аурухананың ұжымымен де кездесті. Ол облыс халқының талап-тілегін заң аясында қарастыруға уәде берді.