А.Мұхамедиұлына қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Астана сотында бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның сыбайластарына қатысты апелляциялық шағым қаралды, деп хабарлайды 24kz.

Экс-шенеунік пен адвокаты Мұстақым Төлеевке тағайындалған жаза өзгеріссіз қалды. Ал, әйелі Ғалия Ысқақоваға қатысты сот үкімі өзгерді. Оның әрекеті аяқталған қылмыстан пара алуға оқталу санатына ауыстырылды.

Айта кетейік, биыл ақпан айында бұрынғы министр аса ірі көлемде пара алуға әрекеттенді деген айыппен 11 жылға сотталды. Ал, әйелі парақорлыққа делдал болу бабымен жарты жылға, адвокаты алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған еді.