Мәулен Әшімбаев Шымкент жұртымен кездесті
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барды, деп хабарлайды 24kz.
Алдымен мәслихат депутаттарымен кездесіп, Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан тапсырмаларының орындалу барысын талқылады. Сондай-ақ Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті екшеген міндеттердің жүзеге асу жайын пысықтады. Мәулен Әшімбаев: «Әділетті Қазақстан құру, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жолында кешенді реформалар жүзеге асырылып жатыр», деді. Бұдан бөлек, Сенат спикері мегаполистегі инфрақұрылым және логистика мәселелерін шешу секілді өзекті мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ сапар барысында Мәулен Әшімбаев шаһардың белсенді жастарымен кездесіп, өңір дамуында жас буынға жүктелетін міндеттерді атап өтті. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен тоқыма фабрикасына арнайы ат басын бұрып, тіршілігімен танысты.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Мемлекет басшысының тапсырмасымен халықаралық сауда-логистикалық орталығын салуға қатысты екенін атап өткен жөн. Батыс айналма жолын және басқа да бағыттардағы жолдарды салу да – негізгі міндет. Шымкент үшін мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығының құрылысы да өзекті. Сондықтан алдағы сессияда республика бюджетін қараған кезде сенаторлар аталған басымдықтарды және мәслихат депутаттарының ұсыныстарын назарға алады.