Көкшетауда 15 отбасы баспаналы болды

Көкшетау қаласында 15 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды 24kz.

Қоныс тойын тойлағандардың қатарында көпбалалы аналар мен көктемгі тасқын салдарынан үйлері бүлінген жандар бар. Жаңа баспаналар жергілікті бюджет есебінен сатып алынды. Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, жыл соңына дейін осы санаттағы 800-ден аса отбасыны баспанамен қамту көзделіп отыр. Бұл мақсатта облыстық қазынадан 16 млрд теңге бөлінді.

Раиса Доғалақова көпбалалы ана:

- Он сегіз жыл күттім. Осы енді 10 балам бар. Зейнеткермін. Немерем мен шөбелерім бар. Қуаныштымын. Бізді елеп, үй беріп жатқанына.