Елімізде 3700 үй апатты деп танылған

Елімізде 650 мың адам баспана кезегінде тұр, деп хабарлайды 24kz.

Дәл осы тізімдегілердің мәліметі қайта тексеріледі. Өйткені оның арасында үй алғандар мен шетелге кеткендер бар. Мемлекеттік қор есебінен берілетін пәтерлердің 70%-і үй кезегіндегілерге беріледі. Соның ішінде 11 әлеуметтік санат қамтылған. Ал арендалық үйде тұрып жатқан отбасылар жылжымайтын мүлікті қалдық құнын төлеу арқылы сатып ала алады. Бүгінде 51 мың отбасы осындай пәтерді паналап отыр. Сонымен қатар елде 3700 үй апатты деп танылған. Мемлекет тарапынан оларға да баспана және жекешелендіру құқығы беріледі.

Үй кезегінде 650 мың адам

Жаңа үйлерден берілетін пәтер үлесі 70%

11 әлеуметтік санат

Арендалық үй – 51 мың отбасы

Апаттық жағдайда – 3700 үй