Түрген өзенінде сел жүруі мүмкін
Алматы облысындағы Түрген өзені мұздақтарының еруіне байланысты сел жүруі мүмкін.
Қауіпті аумақта 30 мыңнан астам адам тұрады. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, «Қаз-селден-қорғау» мекемесінің қызметкерлері селдің алдын алу жұмыстарын жүргізіп, еріген мұздық суын ағызып жатыр. Бұл жұмыстар 16 шілдеге дейін жалғасатын болады. Қазір қауіпті жерде жүруге уақытша шектеу енгізілді. Жаяу туристерге, автокөлік иелеріне, жергілікті тұрғындар мен атқарушы органдарға ескерту жасалды.