Астанада ардагерлер кеңсесі ашылды
Астанада ардагерлерге арналған қызметтік кеңсе қолданысқа берілді, деп хабарлайды 24kz.
Ғимараттың ашылу саланаты Елорда күні аясында өткізілді. Іс-шараға әкімдік қызметкерлері мен депутаттар және ардагерлер қатысты.
Елорда күнінде астаналық ардагерлерге арналған орталық ашылды. Мұнда қариялар бос уақытын тиімді өткізіп, жастармен патриоттық-тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізе алады. Жиында сөз алаған Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен ардагерлерді құттықтап, ерлікке толы өнегелі өмір иелеріне құрмет көрсетті.
Нәбиден Үсенов, ҚР Ұрыс қимылдар ардагерлер қауымдастығының төрағасы:
- Астана қаласы ұрыс қимылдар ардагерлеріне осындай ғимарат берді, кеңсе берді. Жанағы біздің атқарушы билікпен, мәслихатпен, әкімшілікпен барлығымыз бірігіп, бірге істеп, осы бір бағытта жұмыс істеп келе жатқан еңбегіміздің нәтижесі деп ойлаймын. Енді мұндай ғимарат керек. Өйткені күннен күнге азайып келе жатыр осы кісілер.
Ал, Астана қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов шараға қатысушыларды Елорда күнімен құттықтап, ардагерлерді алғыс хаттармен марапаттады.
Мақсұт Нұриманов, ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері, генерал-майор:
- Елордамыз Астанамыздың мерекесі күні құтты болсын. Осы мерекеге арнап біздің Астана қаласының әкімі мен мәслихаты біздің ардагерлерге арнап осы ғимаратты сыйлап берді. Біз ардагерлер қауымдастығы барлығымыз осы жастарға тәрбие беріп, патриоттық сезімдерімен жақсы елгер, жерге, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыруға жәнеде бейбітшілігімізді одан әрі нығайтуға күш-жігерімізді өмір бойы сіңіріп, осы көптеген істерді жүзеге асырамыз деген ниеттемін.
Қарияға құрмет – ұрпаққа міндет. Батырлардың ерлік жолын өскелең ұрпақ жадында жаңғырту жұмыстары мұнымен шектелмек емес.
Авторы: Шернияз Жалғасбекұлы