Блиц: Ұлттық домбыра күні

Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!

Көмейінен күмбірлі күй төгіл­ген қасиетті қазақ аспабы, ұлтық деңгейде жыл сайын аталып өтеді. Дәстүрдің ажырамас бөлігі саналып, тарихтың куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраға деген қызығушылық халық арасында артып келеді.

- Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра. Менің ойымша, әр жігіт домбырада сәл болсада, 1-2 күй білуі керек. Мен өзім «Балбырауын», «Сарыарқа» сосын сәл «Адайды» ойнай аламын.

- Құрманғазының күйлерін жақсы көрем. Ұнатып тыңдаймын. Қазіргі жастарымыз да әуестеніп жатыр. Мен оған қызығамын, қосыламын. Немерем де үйреніп жатыр домбыраны. Қазағымыздың өнерін дәріптегенді жақсы көремін.

- Асылбек Еңсеповті, Сержан ағамыз менің есімде сол домбырашылар. Сосын Димаш жақсы ойнайды.

- Өзім Маңғыстауданмын. Бізде «Адай» күйі жақсы тараған соң сол «Адай» күйі, «Балбырауын», «Ата толғауы», «Ерке сылқым» білетіндерім. Ерке сылқымды Маңғыстауда шығарған Әбдімомын Желдібаев.