Қостанай облысында ата кәсіпке бет бұрғандар көбейді

Бұған «Ауыл аманаты» сияқты мемлекеттік бағдарламалар сеп болды.

Мысалы, Науырзым ауданында соңғы жылдары мал басы 1,5 есе артқан. Әсіресе жылқының өсімі байқалып отыр. Қазір ауылда бие байлап, қымыз баптаған ағайын көп.

Науырзым ауданының Шилі ауылында жүзден астам үй түтін түтетіп отыр. Әр ауладан кемі он-он бес бас мал шығады. Ал Райымбек Бірмағанбетовтың иелігіндегі қожалығында екі үйір жылқы, жүзден астам ірі қара, үш жүзге тарта қой бар. Жаз мезгілі негізгі табыс көзі - қымыз.

Райымбек Бірмағанбетов, Шилі ауылының тұрғыны:

- Жылқыдан қымыз ғой. Қымыз сатамыз. Осы өзіміздің төңірекке, Науырзым төңірегіне, одан әрі Әулиекөл, Қостанай, Астанаға дейін қымыздар өтіп жатыр. Жақсы. /скл/ Басқа қара малдарды енді күзге қарай оңалғаннан кейін, семіргеннен кейін сатамыз.

Отбасы күніне 50-60 литр қымыз өндіреді. Бәсекелестікке төтеп беріп, тұтынушылардың көңілінен шығу үшін барынша дәмін келтіріп баптайды. Былтыр аудандық «Қымыз мұрындық» байқауында Бірмағанбетовтердің жасаған ұлттық сусыны үздік деп танылған.

Гүлмира Бірмағанбетова, Шилі ауылының тұрғыны:

- Қымыз ішіп, білетін адамдар алады осы үйдің қымызын. Былай болады ғой, әртүрлі вкусқа байланысты. Клиенттерге ащы қымыз ұнайды. Кәдімгі ақырып тұрған. Бірақ нағыз қымыз ішетін адамдар тұщы қымызды ұнатады. Сұранысына сай ғой, енді өту керек қой.

Райымбектің пікірінше, елімізде мал өсіріп, табыс табуға мүмкіндік бар. Мемлекет барынша жағдай жасап жатыр. Бірақ сол жеңілдетілген несиеге қол жеткізу қиын, дейді шаруа.

Райымбек Бірмағанбетов, Шилі ауылының тұрғыны:

-Негізі  мүмкіндік жақсы, қазіргі заманда үкімет тарапынан көптеген көмек бар ғой, сол программаға қатысу керек. Сол жолдарын табу керек деген сияқты кішкене. Сол жағы қиындау. Қиын мәселесі болғанда ол әр нәрсеге залог сұрайды. Ауылда тұрғасын бізде үлкен зданияларымыз жоқ, қалада үйіміз жоқ залогқа қоятын.

Сосын байқағанымыз ауылда сиыр сауатындар сирек. Өйткені сүтті өткізетін, сақтайтын орын жоқ. Негізінен мұнда етті бағыттағы мал. Ауданда төрт асыл тұқымды ферма ашылған.

Қанат Сәндібеков, Науырзым аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Былтыр 46,5  миллион тенге бөлінген вообще жоспарланған. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша. Оны біз 75 миллион тенгеге тапсырдық, 12 жоба кредиттелген. Оның ішінде 64 миллион жылқыға. Почти 13 миллион ірі қара малға.

Биыл тағы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 80 миллион тенге тапсырыс беріліпті. Барлығы он екі жоба, соның жартысы мал шаруашылығына қатысты.

Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг