Қызылордалықтар кімді үздік домбырашы санайды?

Елдегі үздік домбырашы кім? Қай күйді ұйып тыңдайсыз? Бұл сұрақтарға бірден жауап беру оңайға соқпасы анық. Себебі әркімнің өзіндік талғамы бар. Дегенмен, 24kz түсіру тобы халыққа осындай сауал тастаған болатын.

- Дина Нұрпейісова, Құрманғазыны білемін. Қазіргілерден Асылбек Еңсеповті ғана білемін.

- Қызылорда бойынша Алмас Алматовты жақсы білеміз. Негізі сүйіп тыңдайтын домбырашым Мейрамбек Беспаев.

- Қызылордадан шыққан Алмас Алматов бар, Мұхтар Ниязов бар. Жерлес қаншама жастар барғой?!

- Күйшілерден Асылбек Еңсепов және әнші Мақпал Жүнісованы тыңдаймын.

- Құрманғазы, оның шәкірті Дина Нұрпейісова. Одан бергі біздің домбырашылардан білгілісі Нұрғиса Тілендиев.

- «Ерке сылқым», «Адай», «Балбырауын», «Ер тұран», «Алаш» күйін білемін. Бізде мектепте үйірмелер болған кезде тартамыз.

- Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» деген күйі жақсы. Бұрынғы ата-апаларымыздан күйшілер Құрманғазы, Дина Нұрпейісова.

- Құрманғазы атамыз және Дәулеткерей деген домбырашымыз, Дина Нұрпейісова, сол кісілерден неше түрлі күйлер бізге аманат етіп келген.

- Қазақтың күйшілерінен Дина әжемізді білеміз. Құрманғазы, Тәттімбет, Нұрғиса Тілендиев