Блиц-сауалнама: халық арасында домбыраға деген қызығушылық артып келеді
Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра! Көмейінен күмбірлі күй төгілген қасиетті қазақ аспабы, ұлтық деңгейде жыл сайын аталып өтеді, деп хабарлайды 24kz.
Дәстүрдің ажырамас бөлігі саналып, тарихтың куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраға деген қызығушылық халық арасында артып келеді.
Блиц-сауалнама:
- Күй деген керемет. Адамды демалдырады. Тыңдасаңыз тарихты еске түсіреді.
- Балғынбек, Жандарбек, Айнұр, бұрын шыққан Ақмарал, Семей жақтан шыққан қыздарымыз бар. Қазір депутат болып отырған Аманжол. Күйшілеріміз бар ғой, жақсы домбырашылар.
- Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткелді. Ұлттық құндылығымыз ғой. Насихаттау керек.
- Ерейментау қасиетті, қадірменді ақындар мен жыраулар шыққан жер. Медет деген жас домбырашы бар. Соны мен өте жақсы көрем. Қазір ол сол ауданда музыкалық мектепте істейді. Балаларға дәріс береді. Сондай жігіттер көп енді.