Жезқазған-Арқалық тасжолы жөнделіп жатыр
Республикалық маңызы бар Жезқазған-Петропавл тасжолын жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталуға жақын, деп хабарлайды 24KZ.
Мердігер Ұлытау ауылынан Қостанай облысы шекарасына дейінгі жолдың 20 шақырымына асфальт төседі. Бұл мақсатқа мемлекеттік қазынадан 2 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Жаңа облысты Торғай өңірімен жалғайтын жол жарты ғасыр бойы жөндеу көрмеген. Әсіресе Ұлытау ауылынан Арқалық шекарасына дейінгі 110 шақырымы әбден тозды. Жақында қалпына келтірудің екінші кезеңі басталып, жолдың тағы 30 шақырымы жөнделмек.
Сұңғат Рақымжанов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры:
- 30 шақырымға жұмыстар басталады. Одан басқа, қазір конкурстық жұмыстар жүріп жатыр. 193-252 шақырымға дейін, шекараға шейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Биыл сол 20 шақырымды тапсырамыз, келесі жылы учаскенің барлығын тапсырамыз ба деп отырмыз.