Жаңатаста төтенше жағдай жарияланды
Жаңатаста жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды.
Күні кеше жаңбыр суы 13 көшеге жайылып, 47 үй мен 400 аулаға кірген. Оған қоса Жаңатас - Саудакент автожолының бір бөлігін шайып кеткен. Қазір көлік қозғалысы қалпына келді. Зардап шеккендер жоқ. Баспанасын су басқан тұрғындар үшін аудандық аурухана мен мектепте эвакуациялық пункт дайындалды. Дүние мүлікке келген залалды арнайы комиссия анықтап жатыр.
Арман Тоқанов, облыстық ТЖД бастығы:
- Су басқан учаскелерде су сору жұмыстары жүргізілуде. 47 үйден және 97 ауладан 12 100 текше метр су сорылды. Сонымен қатар Жаңатас - Саудакент тас жолы қазіргі уақытта ашылды.