Елімізде 300 мыңға жуық адам алимент төлемей жүр. LIVE

Қазір елде алимент төлемей жүргендер саны 300 мыңға жуық, деп хабарлайды 24kz.

Жалпы қарыз сомасы 13 млрд теңгеден асады. Баласынан безген әйел де, еркек те көп. Қоғамның өзекті мәселесіне айналған тақырыпты сарапшымен талқылаймыз. Студия қонағы – Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы төрағасының орынбасары Азамат Бердібеков. 

- Қазір 281 мың еркек алименттен қашып жүр екен. Сонымен қатар 11 мыңнан аса әйел алимент төлемей жүрген көрінеді. Қазір баласынан қашқан әйелдер де көп пе?

- Алимент төлемейтіндерді ұстау, жауапқа тарту, ақшаны өндіріп алу қалай жүреді? Түсіндіріп берсеңіз

- Енді табысын жасырып, алименттен жалтарғандарды жасанды интеллект анықтайды деп жатыр. Жоба сот орындаушылардың құзырында жоқ ақпаратты алуға мүмкіндік беретін көрінеді. Бұл қаншалықты тиімді шешім?

- Кейбір сарапшылар алимент төлеу ақысын алатын жалақыдан қарастырмай, әр бала үшін жалпыға ортақ нақты бір сома қою керек деген пікір айтады. Сіздің ойыңыз?

- Қазір алимент төлей алмай жүргендерді жұмыспен қамту жобасы бар. Бұл жоба қалай жүріп жатыр? Қанша борышкер жұмысқа тұрды?

- Алимент төлемейтіндер арасында сотталғандар көп пе? Нақты саны бар ма?

- Елде ажырасу статистикасы қалай? Биыл бұл дерек азайды ма? 

- Жалпы алиментке қатысты дау болмас үшін екі тарап нені ескеру керек? Бұл мәселені қалай шешуге болады?