Жол сапасына қатысты халықтың арыз-шағымы көбейді

Жол сапасына қатысты арыз-шағым азаймай отыр, деп хабарлайды 24kz.

Халықтың сапаға көңілі толмайды. Мәселен, Жетісу облысының тұрғындары асфальт төсеу технологиясын сақтамаған мердігердің жұмысын тоқтатқан. Сондай-ақ Ақтөбе, Түркістан және Ұлытау облыстарында да жол жөндеу жұмысының қарқыны төмен. Бұл мәселе Президент назарынан тыс қалған емес. Мемлекет басшысы 2025 жылдың соңына дейін республикалық тасжолдың барлығын нормативтік жағдайға келтіруді тапсырған болатын.

Айталық, биылдың өзінде 2,5 мың шақырым республикалық жолдарда жөндеу жұмыстары басталды. «Қарағанды – Алматы», «Ақтөбе – Қандыағаш», «Атырау – Астрахань» және «Талдықорған – Өскемен» жобалары жүзеге аса бастады.