Үкімет басшысы: Жиналған суды өткізіп жіберетін құбырлар салу қажет

Көлік министрлігі қолданыстағы инфрақұрылымды қайта қарауы керек. Үкімет басшысы шайылып кеткен жолдардың көптігін алға тартты, деп хабарлайды 24kz.

«Жиналған суды өткізіп жіберетін құбырлар салынғанда, жолдардың көпшілігін сақтап қалуға болар еді», - деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр жергілікті деңгейде жаңа жол құрылысын жобалаудың нормативтерін жаңартуды тапсырды. Онда гидрогеологиялық жағдаймен қатар жаңа технологиялар мен жобалық шешімдерді цифрландыру ескерілу керектігін баса айтты.