Қазақстанда 20 су қоймасы салынады
Елімізде жыл басында су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қабылданды.
Құжатқа сәйкес су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 20 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 15 су қоймасын реконструкциялау көзделіп отыр. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналдар мен гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту жоспарда бар. Сондай-ақ суару жабдықтарын сатып алуға арналған шығындарды субсидиялау үлесі 50%-тен 80%-ке дейін ұлғайтылатын болады. Осының арқасында суармалы жерлердің ауданы 1,3 млн га-ға дейін өсіп, шамамен 2,1 текше шақырым су үнемделеді. Жоспарланған тәсілдерді іске асыру 2030 жылға қарай суармалы жерлердің аумағын 2,5 млн га-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.