Жетісулықтар дәрі-дәрмек бағасы мәселесін көтерді
Талдықорғанда электр энергиясы мен дәрі-дәрмек бағасын бұқараға қолжетімді етіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту шараларын жетілдіру қажет.
Сенат депутаттарымен кездескен жетісулықтар осы мәселелерді көтерді. Белсенді азаматтардың айтуынша, қазір елде халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған бірнеше заң қабылданды. Бірақ олардың орындалуында олқылық бар. Оны көзбен көріп көкейге түйген Парламент пен мәслихат депутаттары жүйелі жүздесу өткізіп, жұрттың ой-пікірін билікке жеткізу үшін өзара байланысты арттырған маңызды деп санайды.
Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Ең бастысы, бізді қуантқан нәрсе – қоғамдық кеңес мүшелері де, зиялы қауым да, біздің депутаттар да мемлекеттік тұрғыда ойлай бастауы. Мемлекетті алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қалай қоса аламыз? Президенттің берген тапсырмаларын қалай орындай аламыз? Дұрыс орындау мәселелерін көтеріп жатыр. Ең бастысы – соны біздің халық түсінгені.