Маңғыстау облысында «Бірлестік-2024» әскери оқу-жаттығуы өтеді

Ақтауда Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан мен Тәжікстан елдерінің әскерилерін қарсы алу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Олар шілденің 17-не дейін Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында өтетін оқу-жаттығуға қатысады. «Бірлестік-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық жиынының бір бөлігі Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жерде өткізіледі. Осыған орай әскери полигонда және Қарақия ауданында әскерлерді орналастыру үшін шатырлы лагерь құрылды.