Көшіп келген әр отбасына 4,3 млн теңге беріледі
Биыл Солтүстік Қазақстан облысына жырақта жүрген 207 қандас отбасы көшіп келеді.
Мемлекет тарапынан әр адамға 250 мың теңге субсидия төленеді. Сонымен қатар үй алуға немесе салуға 4 млн 300 мың теңгеге жуық қаражат бөлінеді.
Сала мамандары бұл қаржыны бастапқы жарна ретінде пайдалануға болатынын айтады. Қандастар үшін көшіп келуге дамыған ауылдардың картасы әзірленіпті. Бұдан бөлек облысқа оңтүстік өңірлердің халқын көшіру үшін 2700 квота берілген.
Назерке Тасқұлова, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы:
- Қазіргі таңда 104 қандас пен 1059 қоныс аударушы облысымызға көшіп келді. Баспана жалдау үшін субсидия төленеді. Сонымен қатар көшіп келетін отбасыларға «Экономикалық ұтқырлық» сертификаты ұсынылады. Яғни биылғы жылы ол мүмкіндікті 162 отбасы қолданды.