Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары
Елде сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды.
Үкімет басшысы тиісті қаулыға қол қойды. Құжат сейсмологиялық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.
Атап айтсақ, мониторингті күшейту, ғимараттар мен құрылыстардың жер сілкінісіне төзімділігін қамтамасыз ету, жаңа цифрлық технологиялар енгізу, кадрларды даярлау деңгейін арттыру секілді маңызды мәселелер қамтылған.
Сондай-ақ, сейсмо-аудандастырудың 15 картасын әзірлеп, 285 сейсмикалық станция орнату, қолда бар 70 станцияны жөндеу және жарақтандыру жоспарлануда.