Семейде ескі газгольдерлер сүріліп жатыр

Семейде елу үш аулада ескірген газгольдерлер сүріліп жатыр.

Құрылыс жұмыстары «35-квартал», «Юность» және қаланың «Орталық» аудандарында жүргізілуде. Газ құбырларын алуға жергілікті бюджеттен 12 млн теңге бөлінген. Жоспарланған жұмыс 75 пайызға орындалды. Осыған дейін Семей тұрғындары көгілдір отын желісінен ақау шықты ма деп қауіптенген болатын. Өйткені бірнеше ауданда қолқаны қабатын жағымсыз иіс таралған еді. Алайда мамандар қауіпсіздік шаралары сақталған, алаңдауға негіз жоқ деп отыр.

Диана Шаяхметова, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Бұл құбырлар жерге көмілгелі 20 жыл өтсе де газдың иісі бәрібір болады. Өткен жылы да осындай жағдай болған еді. Былтыр 63 газгольдер жөнделді. Дәл осылай алғашында тұрғындар шағымданды. Қала тұрғындарынан сәл шыдамдылық танытуды сұраймыз. 2-3 күнде жағымсыз иіс кетеді деп ойлаймын.