Депутат Атырау облысында еңбек ұжымдарымен кездесті
Тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың ешбірі назардан тыс қалмайды.
Атырау облысында еңбек ұжымдарымен кездескен Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов осылай деді. Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тасқын кезінде 35 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге көшіруге атсалысты. Әсіресе Құлсары қаласында құтқарушылардың еңбегі ерекше болды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары да аянып қалмады. Нәтижесінде суға кеткен үйлер мен бизнес нысандарын тонаушылыққа жол берілмеді. Депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов «Аманат» партиясы фракциясының халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі ретінде өңірдегі күштік құрылымдардың да жағдайымен танысып, қызметкерлердің ой-пікірін тыңдады.
Бақтықожа Ізмұхамбетов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы алғашқы күннен бастап айтты: қиыншылық көрген жанұяларға адамдарға барлық жағдайлар жасалады деп. Сондай жағдайлар жасалып жатыр. Тұрғын үйлер тұрғызыып жатыр. Жөнделіп жатыр, қаржылай көмек көрсетіліп жатыр. Сол жұмыстардың басында ең үлкен ауыртпалықтарды көтерген адамдардың бірі төтенше жағдай қызметкерлері.