Петропавлда көктемгі тасқыннан кейін екі мыңға жуық үй жөнделеді

Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі тасқыннан кейін екі мыңға жуық үй жөнделеді.

Бұл жұмыспен Сенат және Мәжіліс депутаттары танысты. Олар облыс орталығындағы қалпына келтіріліп жатқан үйлерді аралап, зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Қазір қаланың су басқан аудандарында 600 адам жұмыс істеп жатыр. Механикалық бригадалар апатты деп танылған баспаналарды бұзып, жарамдыларын қайта жөндейді. Ол үшін әр үйдің шығын көлемі жеке есептеліп, өтемақы төленді. Құрылыс материалдарын халықтың өзі таңдап, қадағалайды. Депутаттар оларға төтенше жағдайдан кейін де келіп, Үкіметке тиісті сауал жолдаған болатын.

Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Депутаттық сауал жолдау кезінде біз мынау жалғыз ғана тұрғын үйі ол саяжайларда тұрып жатқан адамдардың жағдайы қалай болады деген мәселені көтерген болатынбыз. Және құжаттары жоқ, бірақ үйлері бар, үйлері сақтандырылмаған немесе құжаттары жоқ азаматтар бар үйлерінің солар бойынша қолдау болса деп, айтқан болатынбьыз. Негізінен Үкімет осы біздің сұраныстарымызды барлығын қамтамасыз етіп, яғни қанағаттандырылды.