Мәжіліс депутаты «Атырау облысы су арнасы» мекемесіне барды
Қаланы сумен қамтамасыз етуде еш кедергі болмауы тиіс.
«Атырау су арнасы» мекемесінде өткен кездесуде Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов осылай деді. Айтып өтейік, былтыр желтоқсан айында Жайықтың деңгейі төмендеп, құбырлардың қатуы салдарынан 300 мыңдай тұрғыны бар Атырау қаласы 2 тәулік ауызсусыз қалған еді. Осындай олқылықтардың алдын-алу мақсатында бірқатар жобалар қолға алынды. Су сору және сүзгіден өткізу станцияларын қайта жарақтандыру үшін құны 10 млрд теңге болатын екі жоба жасақталып, мемлекеттік сараптамаға жолданды. Сапар барысында депутат Дүйсенбей Тұрғанов аймақтағы кәріздік тазарту қондырғыларының да жұмысымен танысты. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарды жеке қабылдап, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қыркүйек айында бюджеттің жобасы келеді. Сол кезде біз келесі жылдың қаржыландыру мәселесін шешуге тырысамыз осы екі жоба бойынша. Сонда мына қаладағы және соның айналасындағы су тапшылығы мәселесі шешіледі деп ойлаймын.