Алматы метросындағы жаңа бағыт 2026 жылы ашылады
Қазір «Қалқаман» бекетінің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Оның 1 шақырымы қазылды. Мердігер компания қаланың батысымен байланыстыратын «Барлық» станциясына дейінгі 5,3 шақырымды 2030 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Қазір осы мақсаттағы жер телімдерін мемлекеттік меншікке сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Метрополитен басшысының айтуынша, жерасты жолының бір тармағы әуежайға дейін 12,8 шақырым, екінші тармағы – «Сайран» автобекеті, Солтүстік айналма жол арқылы Алматы-1 теміржол вокзалын байланыстырады. Оның ұзындығы 16,4 шақырым болады. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін шетелден инвесторлар тартылады.