Алматыда бір аптадан бері жаңбыр жауып тұр

Алматыда бір жетіден бері күнде жаңбыр.

Нөсер жауыннан арықтағы су тасып, көшеге жайылған. Оған қоса жерасты көпірлері де суға толып қалған. Бұл көріністі тұрғындар әлеуметтік желіде жариялап, бір-бірімен бөліскен. Қаланың коммуналдық қызметі стационарлық сорғының көмегімен су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шаһар әкімдігі: «Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз», – дейді. Тәулік бойы бойы кезекшілік қойылған. Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы 3 күнде ауа райы бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауады. Ел бойынша бұршақ жауып, дауыл мен жел соғады.