«Семей орманы» филиалының басшысы ұсталды
Абай облысында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалының басшысы ұсталды.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Орман ағашын ұрлады деген күдікпен полицияға 20-дан астам адам жеткізілген. Тінту жүргізіліп, нәтижесінде ағаштың ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар тәркіленді. Филиал директоры мен өзге күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.