Елімізде биыл 70 адам суға кеткен
Елде шомылу маусымы басталғалы 70 адам суға кетіп, қайтыс болған, деп хабарлайды 24KZ.
Оның 30-ы – бала. Қайғылы жағдайлар әсіресе 13 пен 17 жас аралығындағы жеткіншектер арасында жиі болып жатыр. «Оған басты себеп – ата-аналардың жауапсыздығы», – дейді мамандар. Ал ересектердің ажал құшуына суға мас күйінде және тыйым салынған жерлерде шомылуы себеп.
Ақылбек Ахметжанов, Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары:
- Жыл басынан бері жалпы сомасы 62 млн 608 мың теңгеден-ден асатын 9 мыңға жуық хаттама толтырылды. Осылай жыл басынан бастап 412-бап бойынша судағы қауіпсіздікті сақтамағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны 10 есеге ұлғайды.