Ақтауда резервуарларды толтырып алу үшін су беру уақытша шектелді
Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, уақытша шектеу шаралары Маңғыстау энергокомбинатына тиесілі орталық су түйінінің бес резервуарын толтыру үшін енгізілді.
“Бірақ бұл мүлде су болмайды деген сөз емес”, - дейді жауапты мамандар. Құбырлардағы қысым рет-ретімен қалпына келтіріледі. Қазір қалаға тәулігіне қосымша 25 мың текше метр су керек. Бұл тапшылықты шешу үшін тамыз айында Каспий су тұщыту зауытында жаңа қондырғы іске қосылады. Оның арқасында кәсіпорын өндірісі 40 мың текше метр суға артады.
Анвар Тұлақов, Маңғыстау облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы бөлімінің басшысы:
- Судың көлемі жаздың кезінде дефицит көзі бар. Бірақ, қазіргі кезде бірнеше жоба іске асырылып жатыр. Ол Каспий тұщыту зауытында 20 мыңнан 40 мыңға өсіру. Қазір саморез жұмыстары толық аяқталды. Іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.