Ақтауда полицейлерге көмектесетін волонтерлер марапатталды
Ақтауда полицейлермен рейдтік шараларға шығып, құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектескен 70 волонтер марапатталды.
Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков оларға алғыс білдіріп, грамота табыстады. Еріктілер іздеуде болған адамдарды табуға да атсалысты. Нашақорлықтың алдын алу шараларын жүргізді. Салтанатты шарада тасқын кезінде көзге түскендердің де ерен еңбегі назардан тыс қалмады.