Шымкентте кітапханашы жетіспейді
Шымкенттегі кітапханаларда кәсіби кадрлардың тапшылығы шешімін таппай тұр.
Руханият ордасының қызметкерлері бұл мәселені мемлекеттік тапсырыстың азайып кетуімен байланыстырады. Салдарынан грантқа ынталы түлектер басқа мамандықты таңдап, жоғары оқу орындарында жеке дара кафедралар жабылып жатқанын айтады. Аймақта жұмыс сапарымен жүрген Сенат депутаттарынан қолдау сұраған мамандар балалар әдебиеті мәселесін де қозғады. Айта кетейік, қалада мектептегі кітапхананы қоспағанда алты бірдей оқу-ағарту ғимараты бар.
Анар Жаппарқұлова, кітапхана директоры:
- Биыл грантпен екі студент бітіріп жатыр. Оның біреуі Ақтөбе облысынан тағы біреуі басқа өңірден. Олар өздерінің жергілікті жерінің грантымен келген. Сол жақа кетеді қайтадан. Сондықтан кітапханашы мамандығына грант көп бөлсе. Бізде қазір кітапханашы мамандығы Әуезов университетінде бар, бірақ адам аз болғандықтан ол тарих кафедрасына немесе педагогикаға қосылып кеткен.
Айгүл Қапбарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Осы мәселелерді бөліп-бөліп жіктеп қарайтын мәдениет министрлігі жұмыс істеу керек. Өйткені сұраныс бар. Оқырман бар. Біз кітап оқитын ұрпақты жоғалтқан жоқпыз. Сондықтан осы мәселелерді көтеріп отыр.