5,5 мыңнан астам еңбек құқығы бұзылған

Жалақы бойынша берешек, жұмыс орнында қауіпсіздіктің сақталмауы.

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары түрлі ұйымдарда тексеріс жүргізіп, 5,5 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтаған.

Мамандар 28 мың 700-ден астам жұмыскердің құқығын қорғаған. Тексеріс барысында 190 кәсіпорынның 11 мың 200 жұмыскерге 3 млрд теңгеге жуық сомаға берешек екені анықталды. Нәтижесінде өндіріс ошақтарының басшыларына 182 ұйғарым беріліп, 26 млн 700 мың теңгеден аса сомаға айыппұл салынды. Бүгінде 9,5 мың қызметкерге 2 млрд теңгеден астамы төленді.

Бұдан бөлек мемлекеттік инспекторлар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту бағыттары бойынша 3,5 мың тексеріс жүргізген. Қызметкерлер алдындағы міндеттемесін орындамағаны үшін жұмыс берушілерге 276 млн теңге айыппұл салынды.