Атырау облысында бүлінген жолдарды жөндеу басталды
Атырау облысында көктемде су шайып кеткен 4 ауданның жолын қалпына келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды 24KZ.
Құлсарыда бүлінген 12 шақырым жолдың 4 шақырымына асфальт төселсе, Қызылқоға ауданында 12 учаскеде құрылыс қарқын алды. Сонымен қатар республикалық маңызы бар Атырау-Ақтау автомагистралінің су жырған бөлігін жөндейтін мердігер анықталды.
Аслан Дүйсенов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ОФ басшысының орынбасары:
- Жалпы 66 шақырымның орташа жөндеу жұмыстарына жеңімпазы анықталып, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары басталды. Жарықшақтарға шайыр құю, шұңқырларды жамау, түзету қабаты және беттік өңдеу қабатын жөндеу жұмыстары атқарылатын болады. Сонымен қатар Мұқыр-Құлсары деген жолымыз бар. Ол жолға да орташа жөндеу жұмыстарына конкурстық прооцедуралар жүріп жатыр.