Бурабайда шетелдегі қазақ балаларының құрылтайы өтіп жатыр

Бурабайда балалардың халықаралық құрылтайы өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Оған шетелдегі 300-ге жуық қазақ баласы келді. Олар аймақтағы тарихи жерлерді аралап, салт-дәстүрмен терең танысады. Сонымен қатар спорттық және зияткерлік ойындардан сынға түседі. Құрылтай 2003 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. «Осындай шара шетелдегі қазақ балаларының атамекенмен байланысын нығайтып, патриоттық сезімді оятуға ықпал етеді», – дейді ұйымдастырушылар.

Ақдидар Тоқтабаева, оқушы:

- Иә, өте қуаныштымын оз Отаныма келгеніме. Біз осы жердеге барлық іс-шараға қатысып жатырмыз. Мен қазақ болып туғаныма өте мақтанамын. Себебі бұл жерде ұлттық дәстүрлер өте дамыған.

Сержан Әлібаев, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының бас директоры:

- Барлық балаға бірдей бір бағыт. Ең басты – ұлттық нақыштағы тәлім-тәрбие. Одан бөлек, біздін тарихымызбен, салт-дәстүрімізбен таныстырып өтіп, жұмсақ дағдылар бойынша жұмыс жасаймыз. Яғни, «көшбасшылық қасиет» дейді, патриоттық бағытта, сыни тұрғыда ойлау деген сияқты, шешендік өнер бойынша жұмыс жасаймыз.