Жол саласында заң бұзушылықтар анықталды
Елде соңғы 3 жарым жылда жол құрылысы саласында сыбайлас жемқорлықтың 65 фактісі тіркелген.
Шығын көлемі шамамен 9 млрд теңге. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жолдардың сапасыздығын атап өткен еді. Қазір өңірлердегі жол құрылысына мониторинг басталды. 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлініп, 217 аумақ қамтылды. Жүргізілген тексеріс барысында алғашқы бұзушылықтар да анықталды.
Асхат Жұмағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы:
- 5 өңірде 4,8 млрд теңге сомасына сметаларды асыра бағалаған. Ал 6 өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстарды тиімсіз жоспарлаған. Мысалы, Абай облысында 20 млн теңгеге шұңқырды жөндеген соң, дәл сол аумақта 1 млрд теңге қаражатқа қайта құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.