Ойылда көпір қалпына келтіріліп жатыр

Ақтөбе облысының Ойыл ауылына кіреберіс көпір қайта қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Өткел көктемгі су тасқыны кезінде қатты зақымданып, арадағы қатынас ажыраған болатын.

Айта кету керек, Ойыл ауданында тасқыннан зардап шеккендерге арнап 178 үй салынады. Сондай-ақ 129 отбасыға өздерінің таңдауы бойынша дайын баспаналар сатып алынды.