Риддердегі жарықтандыруға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу жоспарда жоқ

Риддердегі орманға қарасты аумақты жарықтандыруға қатысты Экология және табиғи ресурстар министрлігінің айтары бар, деп хабарлайды 24kz.

Әзірге олар заңнамаға өзгерістер енгізуді жоспарлап отырған жоқ. «Жобалаушылар Риддер электр желісіне қатысты құжаттарды әу баста дұрыс бекітпеген. Осы себептен де мәселе туындап отыр», - дейді. Тек Осинов асуы бойынша ведомство өкілдері үн қатпады.

Азамат Әбуов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің комитет басшысы:

- Жеке тұлға бола тұрып қалайша мемлекет мүлкін банкке кепілге қоя алады? Электр желілерінің құрылысы үшін мемлекеттік орман қорының жерлерін тартып алу жағдайлары болуы мүмкін. Қазір барлық процесс реттелген. Сондықтан заңнамаға ешқандай өзгеріс енгізу мәселесі қарастырылмайды.