Қазақстанда интернеттегі алаяқтық дерегі 4%-ке көбейді

Жыл басынан бері елде интернет алаяқтықтың 10 мыңға жуық дерегі тіркелді, деп хабарлайды 24kz.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,1%-ке көп. Бас прокуратураның құқықтық статистика комитетінің мәліметінше, көбіне халық онлайн сауда жасау кезінде сан соғып қалады. Алаяқтықтың кең тараған тағы бір түрі бұл – фишинг. Яғни, банк карталары мен өзге де деректерге пысықайлардың қол жеткізуі. Жыл басынан бері 2,5 мыңнан астам бұндай қылмыс тіркелген. Негізі интернет алаяқтық дерегі Астана мен Алматы қалаларында көп кездеседі.

Интернет алаяқтық

2024 жыл 6 ай

9 936 дерек

4,1%

2619 онлайн сауда

2614 фишинг

Астана 2204

Алматы 1048