Қарағанды – Балқаш жолының 50 шақырымы ашылды
Қарағанды – Балқаш автобанының Қарағанды – Ақбастау учаскесіне жататын 50 шақырым жолында құрылыс жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды 24kz.
Көлік қозғалысы 4 жолақ бойынша ашық. Жол бойында біздің әріптесіміз Руслан Нұрланұлы жүр. Руслан, автобан құрылысы толық қашан аяқталады?
Руслан Нұрланұлы, тілші:
- Қарағанды – Балқаш жолының жалпы ұзындығы 363 шақырым. Құрылыс 8 учаскеге бөлінген. Бұған дейін бұл жолда көлік қозғалысына тек екі жолақпен ғана жүзеге асырылды. Міне, бүгін Қарағанды – Ақбастау учаскесіне жататын 50 шақырым жол толық ашылып отыр.
Қарағанды – Балқаш жолының құрылысы 5 жыл бұрын басталған. Орталық – Оңтүстік дәліз саналатын күрежол еліміз үшін үлкен маңызға ие. Қазір жол бойында 6 асфальт-бетон зауыты бар. 450 техника мен 700 адам жұмылдырылған. Жол бойында 46 көпір және өткелдер салынған. Сондай-ақ 18 санитарлық бекеттер болады.