Бұқтырмадағы көпір құрылысы қарқынды жүріп жатыр
Бұқтырма су қоймасынан өтетін екі жолақты автомобиль көпірінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Кірме жолда жер төсемін орнату және құм, қиыршық тас төсеу жұмыстары аяқталды. Қажетті материал түгел дайын. Учаскедегі жұмысшылар екі ауысымда істеп жатыр. Олардың саны 200-ден асады. Аталмыш жобаның Шығыс Қазақстан облысы үшін стратегиялық маңызы зор.
«Жерігілікті халықтың жүріп-тұрысын жеңілдетеді», - дейді мамандар. Салынып жатқан көпір өткелінің жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрайды. Қазір 21 тірек толық орнатылды. Жұмысты жеделдету мақсатында көпірдің құрылысы бір мезгілде екі жағалаудан қатар жүргізіледі.