«Ертіс орманы» табиғи резерватының бас директорына қатысты тергеу аяқталды
Павлодар облысында «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының бас директорына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды 24kz.
Оған аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және қылмыстық топ құрды деген айып тағылған болатын. Күдікті 2022-2023 жылдар аралығында технологиялық және отын ағаштарын заңсыз сатумен айналысқан. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 153 млн теңге. Қазір сот санкциясымен ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары қамауға алынды. Жалпы биыл елімізде осы іспетті 49 жемқорлық фактісі анықталып, 212 адам жауапқа тартылды.