Биыл «Қандыағаш-Ембі-Шалқар» тасжолының 125 шақырымы жөнделеді

Биыл Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш-Ембі-Шалқар» бағытындағы республикалық жолдың 125 шақырымы күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды 24KZ.

Жақында Шалқар қаласынан Қотыртас ауылына дейінгі аралық асфальтталады. Ал Қандыағаш пен Ембі арасындағы 50 шақырымды жөндейтін мердігер әлі анықталған жоқ.

Жалпы «Қандыағаш-Ембі-Шалқар» тасжолының ұзындығы 259 шақырымға тең. Соңғы рет мұнда жөндеу жұмыстары 1988 жылы жүргізілген. Былтыр алғашқы 20 шақырымына жаңа асфальт төселді.

Нұрбек Әлібеков, көлік жүргізуші:

- Жолдың сапасы деген өте нашар. Мына Қандыағашқа дейін жүргізбейді енді. Бізде, жалпы айтқанда, Қандыағашқа дейін 100 шақты шақырым ғой. Сай да бар, қашып үлгере алмайсың шоқалақтан. Кеше жаңбырда жол деген мүлдем жүргізбей қойды.

Асылбек Мұханбетқалиев, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ ОФ директорының орынбасары:

- Қазіргі таңда Қандыағаш-Ембінің ортасына 50 шақырым тендер ойнатылып жатыр. Осы шілденің аяғына шейін мердігер анықталады. Ол жолдардың барлығы 3 қабатты болады. Астыңғы қабатына, қиыртасқа цемент қосылып,  сосын үстінде екіқабатты асфальтты бетон болады.