Судағы қауіпсіздік ережелерін білесіз бе?
Иә, тыйым салынған аумақта суға түсу тыйылмай тұр.
Өзен-көлде шомылғанда есте сақтайтын қарапайым ережелерді білсек те, кейді соларды сақтамай жатамыз. Шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелерін тұрғындар қаншалықты біледі?
Сауалнама:
- Онда белгіленген жер бар ғой, түсуге болмайды деген. Адам саналы түрде соны ойлап, бармау керек қой.
- Әкем бізге: «терең жерге барма, ағыс ағызып алып кетеді», – деп айтады. Енді біз жаға жағында жүреміз ғой, терең жеріне бармай.
- Алкогольді сусынды ішіп, суға түсіп жататындар болады. Ол өте дұрыс емес. Өз-өзін басқара алмайды деп ойлаймын.
- Иә, қауіпсіздік ережелерін білемін. Белгіленген аумақтарда суға түсуге болмайды. Оны бәріміз ескеріп жүреміз.
- Қауіпсіздікті, әрине, қолданамыз. Біз бала-шағамен жүреміз. Айтып отырамыз, бала-шағаны жалғыз жібермейміз. Қасында қарап жүреміз.