Құрылыстағы альпинистер жанын шүберекке түйіп жүр

Көп ақша табам деген адамға жұмыс табылуы тиіс.

Бірақ жалақысы тәуір қызмет те оңай болмаса керек.

Қазір беліглі бір мамандығы болмаса да қауіп-қатерге басын тігіп жүргендер көп. Солардың бірі құрылыс альпинистері.

Жалпы елде  тау-кен өнеркәсібі, энергетика, медицина секілді салалар маманға зәру. Кәсіпорындарға 10 мыңға жуық жұмысшы қажет екен.

Жерден жүз метр биіктікке өрмелеп, тағдырын арқанға байлаған жігіттердің бірі Ақан Достаев. Ол осыдан сегіз жыл бұрын осы кәсіпті таңдаған. Оны ешкім оқытпаған. Өзінің қалауымен үйренген кәсібінен қаражат тауып отыр. 

Ақан Достаев, құрылыс алпинисі:

- Бірінші орында қауіпсіздік. Өте қауіпті жұмыс. Өлім мен өмірдің арасында жүреміз. Азаннан үйден шыққаннан үйге қайтқанша... соншалықты биіктікте жүреміз. 

Абзал Оразымбетов, құрылыс алпинисі:

- Үйдің тығыз салынғанына кейбір ЖК-лардың орталарына техникалар кіре алмайды. Кәсіптік алпинизммен өзіміз түсіп, жұмыстарды қабылдап алып  жұмыстарды жасап жатырмыз.  

Қала бойынша осындай қауіпті қызметке бастарын тіккен 500-дей құрылыс алпинисі бар. Алайда өз еріктерімен үйренген мамандар арнайы оқу орталық қажет дейді. Бар болғанның өзінде сертивикат берумен шектелетінін айтады.  

Ақан Достаев, құрылыс алпинисі:

- Оқу орталықтарын ашса дейміз. Бұл жұмысқа қызығатындар көп. Әсіресе жастар ақшасына қызығады. Содан өздері құштарлықпен үйренеді. Қателік көп жасайды. Біреу үйретпегеннен кейін, оқу орындары болмағаннан кейін. 

Асылбек Нұрмышов, "Талап" КЕАҚ Стратегиялық даму басқармасының аға менеджері:

- Мамандықтардың арасына кіретін өндірістік альпинизм деген мамандық бар. Осы өндірістік альпинизм тікелей қауіп-қатерге байланысты болғандықтан қазіргі таңдағы құрылыс алпинисінің қызметін түгел атқарады. Яғни білім беру бағдарламаларында биік құрылыс орындарында құрылыс алпинизімін толығымен жүзеге асыратын мамандар дайындап шығарады. 

Қауіпті де қаражаты мол жұмысқа сұраныс көп. Алайда кісі өлімі де жиілеген. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша былтырғы жылы 43 адам көз жұмған.

Асантемір Қаршығаұлы, Нұрғали Мамырбаев, Мадияр Қындыбаев