Биыл қазақстандықтар 900 қару-жарақ өткізді
Биыл қазақстандықтар ішкі істер органдарына 900 қару өткізді.
Сондай-ақ 6 мыңнан астам ойық ұңғылы қарудың патрондарын тапсырған. Мұның бәрі тегін қабылданып жатқан жоқ. Мемлекет құнын төлейді. Бұл акцияға республикалық бюджеттен 88,8 млн теңге бөлінген. Жалпы елде заңнамаға сәйкес, өзін өзі қорғау үшін газды және электр қару сатып алуға және алып жүруге болады. Ал жекелеген қару түрлерін алуға арнайы рұқсат алу қажет.