Алакөлде сегіз адам судан құтқарылды

Алакөлде шомылу маусымы басталғалы 8 адам құтқарылды.

Оның жартысы бала. Биыл көл жағалауында жедел-құтқару бөлімінің 4 жасағы кезекшілік етеді. Оларға Талдықорғаннан әр он күн сайын көмекке тағы екі қызметкер қосылып отырады. Қауіпсіздікті 15 адам қадағалайды. Құтқарушылар күнделікті жағалаудың 13 шақырымнан аса аумағына бақылау жүргізеді. Жалпы осы жазда Жетісу облысындағы өзен-көлдерден 12 адам құтқарылған. Олардың бесеуі бала.

Еламан Ахметқалиев, облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушысы:

- Негізі балалардың жоғалу себебі ата-анасы адам санының көбеюіне байланысты көп мән бермейді баласына. Қарамайды. Содан көп балалар жоғалады. Көбіне балаларды жағадан тауып аламыз. Сол үшін ата аналарды балаларға бас көз болуын сұраймыз.