Елімізде «Ауыл аманаты» аясында 14 мыңнан астам шағын несие берілген
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 14 мыңнан астам шағын несие берілген, деп хабарлайды 24kz.
Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 91 млрд теңгеге жуықтайды. 80%-і мал шаруашылығына бағытталған. Соның ішінде 400-ден астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Бағдарлама негізінде 16 мың жұмыс орны ашылған. Ал, салық түсімдері 1,3 млрд теңгеге жетті. Биыл бағдарламаны жалғастыруға 80 млрд теңге қарастырылған.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы
14,4 мың шағын несие
Жалпы сомасы – ₸90,7 млрд
80% мал шаруашылығы
400 кооператив
16 мың жұмыс орны
₸1,3 млрд салық
2024 ж. – ₸80 млрд
Ауыл шаруашылығы саласында қазір қысқа мал азығын дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Агроқұрылымдар пішенмен 45%, ал сүрлеммен 72%-ке қамтамасыз етілген. Биыл 25 млн тонна шөп, 1,5 млн тонна пішен, 4,5 млн тонна сабан, 5,5 млн тонна құнарлы жем және 2 млн тонна сүрлем дайындау жоспарланып отыр.
Жем-шөп дайындау жоспары
Шөп – 25,5 млн тонна
Пішен – 1,6 млн тонна
Сабан – 4,6 млн тонна
Жем – 5,7 млн тонна
Сүрлем – 2 млн тонна